Қазақстандық екі спортшы допинг қолданды деген күдікке ілінді

30 Мамыр, 2019 463 0

NewsROOM+. Допингті қолданған спортшылар тізімі тағы да жаңарды. Ұлттық орталықтың ресми сайты тыйым салған дәрі-дәрмек қолданған екі спортшымыз спорттан шеттетілді, деп Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеме жасайды.

«Ресми сайттағы тізімде каноеші Валерия Копущу мен ММА өкілі Әсем Жәкенованың қан сараптамасынан тыйым салынған дәрілер табылғаны көрсетілген. Валерия Копущудің сынамасынан қолдануға тыйым салынған Орал-Туринабол табылды. Сынама жарыстан тыс кезде алынған. Спортшы 4 жылға жарыстардан шеттетілді. Ал Әсем Жәкенова - мельдоний қолданғаны үшін төрт жылға үлкен спорттан аластатылды», делінген мәлімдемеде.

Айта кететін жәйт, спортта допинг қолдануға нөлдік төзімділікті ұстанады және Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) «таза» спортшыларды қорғау туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ұстанымды толығымен мақұлдайды.

Дереккөз: holanews.kz

Тегтер: допинг, қазақстан, спорт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.