Тоқаев: қаражат жұмсамай да жоғары деңгейдегі өнер туындысын түсіруге болады
Тоқаев: қаражат жұмсамай да жоғары деңгейдегі өнер туындысын түсіруге болады

Мен құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырамын. Әрине, қаржы мәселесі шешілуі керек. Дегенмен, көп қаражат жұмсамай да жоғары деңгейдегі өнер туындысын түсіруге болатынын қырғыз бауырларымыз «Құрманжан датқа» фильмі арқылы анық көрсетті,- деді Президент.Сонымен қатар президент тарих тақырыбындағы сценарийлерге арқау болатын бізде маңызды оқиғалар баршылық екендігін атап өтті.
Американың да, Еуропаның да айтулы оқиғалары туралы фильмдер өте көп. Қазір Netfliх, HBO және басқа да алпауыт кинокомпаниялар Азияға бет бұруда. Мысалы, әлемдегі ең қуатты империялардың бірі болған Алтын орда тарихы дайын тұрған жоқ па?! Бұл мәселеге болашақта кино саласының мамандары баса назар аударғаны жөн,- деп жазды Қ. ТОҚАЕВ