Тоқаев: қаражат жұмсамай да жоғары деңгейдегі өнер туындысын түсіруге болады

Тоқаев: қаражат жұмсамай да жоғары деңгейдегі өнер туындысын түсіруге болады

ашық дереккөзі

 width= Президент "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында қазіргі жастарға, балаларға  арналған қарапайым әрі қабылдауға жеңіл туындыларға баса мән берген дұрыс екендігін айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Оның айтуынша, осы бағытта жарық көрген  «Алмас қылыш», «Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Кейкі батыр», «Тар заман» сияқты тарихи фильмдер түсірілгенімен әлі де аздық етеді.

Мен құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырамын. Әрине, қаржы мәселесі шешілуі керек. Дегенмен, көп қаражат жұмсамай да жоғары деңгейдегі өнер туындысын түсіруге болатынын қырғыз бауырларымыз «Құрманжан датқа» фильмі арқылы анық көрсетті,- деді Президент.
Сонымен қатар президент тарих тақырыбындағы сценарийлерге арқау болатын бізде маңызды оқиғалар баршылық екендігін атап өтті.
 Американың да, Еуропаның да айтулы оқиғалары туралы фильмдер өте көп. Қазір Netfliх, HBO және басқа да алпауыт кинокомпаниялар Азияға бет бұруда. Мысалы, әлемдегі ең қуатты империялардың бірі болған Алтын орда тарихы дайын тұрған жоқ па?! Бұл мәселеге болашақта кино саласының мамандары баса назар аударғаны жөн,- деп жазды Қ. ТОҚАЕВ
 

Жүктелуде...