Тоқаев мақаласында жер, тіл мәселесі туралы ойын айтты

Тоқаев мақаласында жер, тіл мәселесі туралы ойын айтты

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді. Президент мақаласында жер мәселесі туралы ойын айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

«Жерге байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет. Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – өте маңызды мәселе. Сондықтан, биыл Жер мәселесі жөніндегі комиссияны құрып, соның аясында бір байламға келген жөн», – деді Президент.
Сонымен қатар, президент қазақ тілі туралы да  өз ойын білдірді.
Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек», деді  Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Жүктелуде...