Елімізде 6 жасар баланы мектепке бермесе, ата-анасына айыппұл салынады

29 Мамыр, 2019 788 0

NewsROOM+. Қазақстандық 6 жасар балалардың ата-аналары оларды бірінші сыныпқа бермесе, 5-тен 10 АЕК-ке (12 625-25 250 теңге) дейін айыппұл салынуы мүмкін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді. Министрдің орынбасарының сөзінше, бастапқыда министрлік мұндай ата-аналарға ескерту жасайды. Артынша қатаң шаралар қолданыла бастайды. Суханбердиева 6 жасар балалардың ата-аналарын уақытынан бұрын уайымдамауға шақырды. Балалардың бәрі оқу бағдарламасын игере алады, дейді ол.  Вице-министрдің сөзінше, 6 жасар балалардың 70 пайызынан астамы оқушылар қатарын толтырған. БҒМ еліміздегі барлық мектепке балабақша мен шағын орталықтарға бармаған балаларды дайындауға арналған 3 апталық курс енгізуді жоспарлап отыр.

"Ата-аналардың бәрі жақсылап ойланады деп ойлаймын. Балалардың 7 жасынан бастап мектепке баруын талап ететін ата-аналар бар. Бірақ олар аз. Алайда барлық ата-ананы тағы да тыныштандырғым келеді. Бұл әдеттегі тәжірибе, ата-аналар уайымдамаса болады. Жаңартылған бағдарлама баланың оқуға еніп кетуіне барынша ыңғайлы, әр баланың ерекшелігі ескерілетіндей етіп дайындалған. Сондықтан мұнда ешқандай проблема жоқ», - дейді Эльмира Суханбердиева. 

Тегтер: мектеп, оқу, айыппұл

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.