«Дос би» ЖШС ұжымымен кездесу өтті

«Дос би» ЖШС ұжымымен кездесу өтті

ашық дереккөзі

 width= Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - Сапаров Әбдімүтәліп Мүслімұлы "Дос би" ЖШС ұжымымен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында 2021 жылы 4 ауылдық округте 2023 жылы Келтемашат ауылдық округі жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырылып, жарықтандыру жүйелерін орнатылатындығын және (2024 жылы Қайыршақты – 1,5 ш.қ., 2025 жылы Даубаба-1 – 3,5 ш.қ.) ауыз су жүйелерін тартуға ықпал ететіндігін айтты. Сонымен қатар Келтемашат ауылдық округінің шақырымдық жолдары орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіндігін тілге тиек етті. "Дос би" ЖШС 1996 жылы құрылған болатын. ЖШС-тің төрағасы - Тлеулесов Асет. Негізгі айналысатын шаруашылығы - ауылшаруашылық өнімдерін өндіреді және асыл тұқымды ірі қара мал бағады. ЖШС-тің өзінің тәулігіне 3 тонна сүт өндіретін жеке мини цехы бар.  width= Бұл шаруашылықта тұрақты түрде 70 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда мал қыстату науқаны болып жатыр. Шаруашылық ұжымы бірауыздан NUR OTAN-ды қолдайтындарын айтып, дауыс беретіндіктерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Жүктелуде...