Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстандықтардың саусақ іздерін тіркеу мерзімі шегерілді

Қазақстандықтардың саусақ іздерін тіркеу мерзімі шегерілді

Қазақстандықтардың саусақ іздерін тіркеу мерзімі шегерілді
ашық дереккөзі
 width= 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу басталады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Қазақстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылдан басталуы тиіс саусақ іздерін тіркеу елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2023 жылға ауыстырылды.

Коронавирус пандемиясына және COVID-19 індетіне жасалған болжамдарға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Тиісті өзгерістер "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заңға енгізіледі", – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп дактилоскопиялық тіркеуді 2023 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Министрлік "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының заңы сонау 2016 жылдың желтоқсанында қабылданғанын және 2021 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі тиіс болғанын еске салды. Алайда заңның кейбір нормалары қайта қаралды.

Азаматтар он алты жасқа толуына байланысты паспорт  немесе жеке куәлік алғанда, сондай-ақ мерзімі аяқталып немесе жоғалуына байланысты құжаттарын ауыстырған кезде ғана дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату