«Ақ жол» партиясы әкімдіктің тыйым салуына қарамастан «Алашқа тағзым» атты іс-шарасын өткізеді

29 Мамыр, 2019 539 0

NewsROOM+. «Ақ жол» партиясы әкімдіктің тыйым салуына қарамастан «Алашқа тағзым» атты іс-шарасын өткізеді. Бұл туралы Азат Перуашев 22 мамыр күні әлеуметтік желілерде тараған бейнеүндеуінде хабарлады. Төменде Жолдаудың қысқарған нұсқасын ұсынып отырмыз.

Құрметті қазақстандықтар!


Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Ақ жол» партиясының саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін «Алашқа тағзым» атты шеру өткізу жайлы ұсынысына рұқсат бермеді.

Рұқсат бермеуге негіз болған себептері – қып-қызыл өтірік. Біздің өтінішімізде барлық қажетті ақпарат заңға сәйкес көрсетілген болатын. 

Мемлекеттік органдарды да түсінуге де болады: олар сайлау кезінде түрлі арандатулар мен бассыздықтардан қауіптеніп отырған шығар. 

Сондықтан мынаны айтқым келеді: ешкім отқа май құйып, көпшілікті ашындыруға мүдделі емес. Мемлекеттік институттарды әлсірету – азаматтардың өздері үшін де, мемлекет үшін де қауіпті нәрсе. Ал ұлттық тәуелсіздігіміз бен жеріміздің тұтастығын сақтау үшін күшті мемлекет керек. 

Сонымен қатар, ол жай күшті ғана емес, әркім өзінің мүмкіндіктері мен құқықтарын жүзеге асыра алатын әділетті де, озық мемлекет болуы тиіс.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, «Алашқа тағзым» шеруіне рұқсат бермегенімен, «Ақ жол» партиясының жетекшілері мен депутаттары 31 мамыр күні «Алаш» қайраткерлері және қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларының портреттерімен ұлтының азаттығы үшін күрескен құрбандардың ескерткішіне барып, гүл қойып, құран бағыштайтынын хабарлайды. 

Бұл митинг емес, сондықтан біз осы жолы ешкімнен рұқсат сұрамаймыз. Біздің Қазақ Республикасының болашағы үшін құрбан болғандарға тағзым етуге толық конституциялық хақымыз бар, – деді бейнеүндеуінде «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.



«Ақ жол» партиясының Баспасөз қызметі.

Дереккөз: alashainasy.kz


Тегтер: АзатПеруашев, Ақжол, партия

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.