Қытай билігін сынаған миллиардер Джек Ма жоғалып кетті

Қытай билігін сынаған миллиардер Джек Ма жоғалып кетті

ашық дереккөзі

 width= Соңғы кездері Бейжіңді жиі сынап жүрген қытайлық миллиардер Джек Ма жоғалып кетті.  Бір кездері коммунистік режимнің сүйікті адамы болған миллиардер жоғалып кеткен соң, оның фотосуреті өзі ұйымдастырған реалити шоудың әділқазылар алқасының веб-парақшасынан өшірілген және кейінірек ол жарнамалық бейнероликтен де алынып тасталған. Оған қоса, әдетте күніне бірнеше твит жариялайтын Джек Маның Twitter парақшасында соңғы апталарда белсенділік азайып кеткен. Financial Times басылымы Джек Маның жоғалып кетуін оның қараша айында мемлекеттік реттеушілер мен банктерді сынағанымен байланыстырады. Джек Маның сынынан кейін оның Ant Group компаниясының 37 миллиардтық акциясы тоқтатылған. Айта кетейік, өткен айда Бейжің монополиялық тәжірибеге байланысты Джек Маның Alibaba компаниясын тексеруге алған болатын.

Жүктелуде...