weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
1 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Коронавирустан емделмекші болған ер адам өлім аузынан қалды

Коронавирустан емделмекші болған ер адам өлім аузынан қалды

Коронавирустан емделмекші болған ер адам өлім аузынан қалды
ашық дереккөзі
 width= Күн сайын бес литр су ішкен британиялық Люк Уильямсон ауруханаға жатқызылды: ол көп сұйықтық ішу коронавирусқа көмектеседі деп естіген. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Алайда ер адам басқа бір қауіпті ескермеген: мұндай мөлшердегі сұйықтықпен ол денесіндегі натрийдің бәрін шайып жіберген.  Науқасты әйелі Лаура құтқарып қалды, ол күйеуінің жуынатын бөлмеде құлап қалғанын естіп, дәрігер шақырған. Ол әйелінің сұрағына жауап бермеген, ал есік жабық болған. Дәрігерлер 45 минутта келді.
"Ауруханада ол талып қалды. Оған суды тым көп ішкеннен натрий деңгейінің төмендеп кетуі себеп болды", - деп түсіндірді Люктің әйелі.
Британдықты ауруханаға жеткізген кезде дәрігерлер оның әйеліне келесі күні өте ауыр болатынын айтқан. Люк бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде қолдан тыныс алдыру аппаратында жатты. Дәрігерлер оның әрекеті мидың ісінуіне әкеп соқтырған деген қорытынды жасады. Қазір ер адамның жағдайы жақсарып келеді, көп ұзамай қалыпты өмірге оралуы мүмкін.