Ауыр жағдайда жатыр: Алматы облысында мектеп түлектері жол апатына ұшырады

29 Мамыр, 2019 1766 0

NewsROOM+. Алматы облысында мектеп түлектері соңғы қоңыраудан кейін апатқа ұшырады. Қазіргі уақытта олар аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Анықталғандай, көлікті тізгіндеген 11-сыныпты енді бітіріп жатқан түлек кәмелет жасқа толмаған екен. Оның жүргізуші куәлігі де жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап. 

Оқиға 25 мамыр күні Алматы-Талдықорған тасжолында орын алған.

Соқтығысқан екі көлік бір бағытта қозғалған. Олар бір-бірімен жарысып соқтығысты ма, жоқ па, ол жағын полиция анықтайды. 

«Ата-аналарына ескертілген. «Балаларыңызға қараңыздар, қазір олардың алып ұшып тұрған кезі», - деп ескерттік. Енді қазір амандығын ғана тілеп отырмыз. Анықтамаларын әкеліп берді. Емтихандарынан босатылады немесе кейін сауыққан соң келіп тапсырады», - дейді Талдықорған қаласына қарасты Еркін аулындағы №11 мектептің директоры Гүлбаршын Бейсекенова. 

Көлік апатына түскен үш оқушы №11 мектептің биылғы түлегі екен. Қазіргі уақытта олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. дәрігерлердің сөзінше, олардың бірінің жағдайы өте ауыр. Арнайы аппараттың көмегімен демалып жатқан жасөспірімнің мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымдалған. Оған бірден ота жасалыпты. 

«Мойын омыртқасы орнына қойылды. Алайда әлі де жағдайы ауыр. Екінші науқастың сан сүйегі, тобығы сынған», - дейді Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері Шыңғыс Рахимов. 


Тегтер: алматы, жолапаты, апат, түлектер, соңғықоңырау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.