7 шілдеде Нұр-Сұлтанда Ұлттық Домбыра күні тойланады

29 Мамыр, 2019 732 0

NewsROOM+. 7 шілде күні Нұр-Сұлтанда қаласында Ұлттық Домбыра күні тойланады. Мерекелік концерт Қазақ елі монументінің алдында сағат 12:00-де басталады.

Шараға жас ерекшелігіне қарамастан ниет білдіргендердің барлығы қатыса алады. Олар «Сарыарқа», «Адай», «Әлқисса», «Көңіл толқыны», «Балбырауын» және «Көреғұлы» күйлерін жатқа білуге тиіс. Шараға қатысу үшін 1 маусымнан 5 шілдеге дейін asyldombyra.kz сайтында онлайн тіркелу керек. Мерекелік кеш Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатрда «Нағыз қазақ - домбыра» концертімен жалғасын табады.

«Биыл Ұлттық Домбыра күніне орайластырылған жаппай концертте орындалатын алты күй таңдалды. Әрине, қатысушылардың алты күйді де білгені жөн Дегенмен ұсынылған композициялардың біреуін ғана білетіндер де концертке үлес қоса алады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасынан.


Еске сала кетсек, өткен жылы Ұлттық Домбыра күніне орай «Қазақ Елі» монументінің алдында 2 мыңнан аса өнерпаздан құрылған оркестр өз өнерін көрсеткен еді. Шараға Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Концертке қатысушылардың ең кішісі 7 жаста, ал ең үлкені - 75-те болды.


Ұлттық домбыра күні 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен бекітілді және жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтіледі.

Дереккөз: holanews.kz

Тегтер: Нұр-Сұлтан, ұлттықдомбыракүні

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.