"Русское радионың" бас редакторы өмірден озды
"Русское радионың" бас редакторы өмірден озды
Мәскеуде "Русское радионың" бас редакторы Юлия Ларинова қайтыс болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Nur.kz басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға жайында ресейлік продюсер Иосиф Пригожин өзінің Instagram парақшасында мәлім етті. Ол Ларинованың өте мейірімді адам және кәсіби маман болғанын атап өтті.
"Русское радио" радиостансасы "Русская медиагруппа" медиахолдингінің құрамына кіреді. Аталған холдингтің басшысы марқұмның қатерлі аурумен күрескенін мәлімдеді. Роман Саркисовтың айтуынша, Ларинова онкологиялық аурумен ауырған деп жазды РИА Новости. Медиахолдинг басшысы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.
Юлия Ларинова Өзбекстанның тумасы. Ол 44 жыл бұрын Ташкентте туған. Радиодағы мансабын 1996 жылы Екатеринбургта бастады. Ал "Русское радиоға" 2007 жылы келді. Еске сала кетейік, қаңтар айында ресейлік әнші Максимнің шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған еді.
36 жастағы ресейлік әнші Максимнің өнер көрсетуін тоқтатып, барлық концерттерінен белгісіз мерзімге бас тартуының себебі белгілі болды деп жазды "Звезда" басылымы. Айта кетейік, 2019 жылғы сәуірде әнші жол апатына түсіп, соның салдарынан денсаулығы сыр берген. Қазір ол бас ауруына шағымданып, дұрыс ұйықтай алмайтынын жеткізді.