1 жыл бойы мектепке бармаған баланың ісі сотта қаралуда

28 Мамыр, 2019 540 0

NewsROOM+. Aлматы облысының 7-ші сынып оқушысы бір жыл бойы мектепке бармаған. Жағдай Кербұлақ ауданындағы Жоламан ауылында болған.

Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісовтың айтуынша, қазір осы іс бойынша сот жүріп жатыр. Бірақ баланың ата-анасы сотқа келмеген. Оқушы толық емес отбасының  жалғыз баласы екен.

«Баланың анасы баламды оқушылар ұрды деп арыз жазған. Бірақ ол расталмады. Барлық фактіні арнайы комиссия тексерген», - деді  Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов.

Бір жыл бойы білім алмаған оқушы  жаңа оқу жылында  7-ші сыныпты қайта оқитын болады. Ал ата-анасына қандай шара қолданылатынын сот шешеді. 

Дереккөз: inform.kz

Тегтер: алматы, мектеп, оқушы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.