2020: Үндістан табиғи апаттан үлкен зардап шеккен мемлекет
2020: Үндістан табиғи апаттан үлкен зардап шеккен мемлекет

Лата Джоши, құтқару қызметінің психологы: "Су тасқынының ең ауыр зардабын Ассам штаты тартқан. Ондағы барлық өңірді су басып кетті, халықтың бас сауғалайтын орны қалған жоқ. Үкімет 60 мың уақытша лагерь құрды, олар бірден баспанасыз қалған адамға толып кетті. Тап сол кезде елде өршіген коронавирус індеті де кедергі келтірді".Жалпы Үндістандағы су тасқынынан қаза болған адамдар саны әлемде болған өзге табиғи апаттардың бәрін қосқандағы құрбандар санынан асып кетті. Салыстырып көрсек, Еуропаға соққан Сиара жойқын дауылынан 14 адам мерт болса, Үндістанда 2 мыңнан аса адам қаза тапты. Сарапшылардың болжауынша, қираған елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстары келесі жылдың ортасына дейін жалғасады. Кейбір есепке қарағанда су тасқынының салдарын жоюға 10 миллиард доллардан аса қаражат жұмсалды. Бұл тек сақтандырылған шығын іс жүзінде қираған мүліктің құны бірнеше есе көп.
Кавита Сингх, саяси талдаушы: "Бұл рейтингте далада қалған адамдардың санын да келтіру керек еді. Біз әлі күнге дейін нақты санын білмейміз, өткені сол кезде зәресі ұшқан тұрғандар таулы аймаққа немесе алшақтағы туыстарына қашып, сонда қалған. Жалпы баяндамада 13 жарым миллиондай адам баспанасыз қалғаны жазылған. Оның 12 миллионы Үндістан тұрғыны".Осы баяндамаға сәйкес табиғи апаттардан 150 миллиард доллар мөлшерінде шығын келген. Биыл обыр шегірткесі де қаптап кетіп, Үндістан бүкіл егінінен айырыла жаздады. Алексей Родионов, Анастасия Левитан, Устад Рахман