Қарағандыда Қосановтың қолдаушысын атып кетті

28 Мамыр, 2019 799 0

NewsROOM+. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны Ғалы Бақтыбаевты атып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қарағандылық белсенді Айсұлтан Жақыпов facebook парақшасында жазды. Оның айтуынша, Ғалы Әділұлы Бақтыбаев жемқорлықпен күресіп жүрген белсенді азамат. Соңғы уақытта ол  9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына «Ұлт тағдыры» қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосановтың жарнамаларын іліп, белсенді жұмыс атқарып жүрген.

«Жаңаарқада Ғалы деген кісі бар еді. Жемқорлықпен күресетін, сотқа дейін баратын адамтын. Қосанов ағамыздың жарнамаларын іліп, жақсы жұмыс істеп жүрген. Сол кісіні түнде атып кетіпті. 
Жемқорлар тықыр таянғанын сезіне бастады ма? Марқұмның толық аты-жөні Бақтыбаев Ғалы Әдіұлы. Иманды болыңыз Ғалы аға! Қаныңыз босқа төгілмейді. Уәде берем!», — деді Айсұлтан Жақыпов.

Бұл оқиғаға байланысты құзырлы органдар әлі нақты мәлімет бермеді.

Тегтер: қарағанды, қосанов, сайлау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.