Тұрғындар Түймебаевқа тікелей эфирде 1500 сұрақ қойды

15 Маусым, 2018 1784 0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Әкім сағаты» хабарында екі сағатқа жуық аралықта тұрғындардың көкейкесті сауалдарына жауап берді деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz.

«Ońtústik» телеарнасында өткен тікелей эфир барысында барлығы 1500-ге жуық сұрақ келіп түсті. Тұрғындардан сұрақтарды қабылдау үшін байланыстың барлық түрі қамтылды. Сұрақтар Call-орталық арқылы және уацап желісі мен электронды пошта, сондай-ақ, тікелей трансляция жүргізілген Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің фейсбуктегі ресми парақшасына да келіп түсті.

Оңтүстікқазақстандықтардан жер, баспана алу, жұмыссыздық, шаһарды абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жолдарды жөндеуге қатысты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына қатысты сауалдар да көптеп жолданды.

Аталған сұрақтардың 423-і WhatsApp желісі арқылы, өзге әлеуметтік желілерден қосымша 215 сұрақ, ал Call-орталыққа 1287 адам телефон арқылы сауалын жолдаған.

Айта кету керек, «Ońtústik» телеарнасы өткізген тікелей эфир кезінде бірден жауап ала алмаған көрермендердің сұрақтары толық тіркелді. Оларға мемлекеттік органдар міндетті түрде жауап береді. Сондай-ақ, осы жоба аясында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың берген тапсырмалардың орындалуы әкімдіктегі инспекторларының назарында болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасының өңірдегі орындалу барысы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім және ғылым, мәдениет, өнер тағы да басқа салаларда кездесетін өзекті де, өткір мәселелердің шешілу жолдарын айтқан өңір басшысы бағдарлама соңында Оңтүстік жұртын 15 маусым күні өтетін Ораза айт мерекесімен құттықтады.


Фото: Самат Мырзалиев

Тегтер: тікелейэфир, түймебаев, шымкент, оқо

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.