Шымкентте жүргізуші 6 бірдей баланы қағып кетті

28 Мамыр, 2019 447 0

NewsROOM+. Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісі алты бірдей баланы қағып кетті. Біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«27 мамыр күні сағат 15.30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы автотұрақтардың бірінде «Opel Kadett» автокөлігінің жүргізушісі кәмелет жасқа толмаған балаларды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция тобының қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің 6 жасөспірім баланы қағып кеткенін анықтады», делінген хабарламада.

Қалған 6 бала жеңіл жарақат алып, үйлеріне қайтарылған. Оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

holanews.kz

Тегтер: шымкент, машина, жүргізуші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.