«Бек Эйр» компаниясынан билетінің ақшасын қайтара алмаған халық көп
«Бек Эйр» компаниясынан билетінің ақшасын қайтара алмаған халық көп

Мөлдір МҰҚАНОВА, Түркісіб аудандық сотының Судьясы Сот шешімі бойынша талапкер Қазақстан Республикасы Сауда жіне интеграция министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комеитетінің талаптары толық қанағаттандырылып, жауапкер «Бек Эйр» акционерлік қоғамынан 153 тұтынушылардың пайдасына әуе билеттерінің құны өндірілді".Алайда әлі де бір жылдан бері сатып алған билеттерінің құнын қайтара алмай жүргендер жетерлік. Соның бірі - Ақтау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Алтын Мырзатаева. Өткен жылы бас қалада оқитын студент ұлы мен қызына каникулда үйіне келіп қайтуына ұшаққа 91 мың теңгеге билет сатып алыпты. Отағасы екеуі де мектепте мүғалім болғандықтан арзан әуе компанияны таңдаған екен. Алайда содан бері билеттің ақшасын қайтара алмай келеді. Ұшақ апатынан кейін «Бек Эйр» әуе компаниясыне тиесілі барлық рейстер толқтатылған болатын. Қазіргі таңда әуе компаниясы 1700 тұтынушыға 103 миллион теңге қарыз.