Жұлдыз Әбдікәрімова «Атағын сатып алды» дегендерге жауап берді
Жұлдыз Әбдікәрімова «Атағын сатып алды» дегендерге жауап берді


Жұлдыз ӘБДІКӘРІМОВА, «Әлем ханымы» сайысының бас жүлде иегері «Шын айтайын енді сезіндім! Осы уақытқа дейін сезімің қандай, сезімің қандай деп менен қасымдағы қыздарым сұрайды, шыны керек осы уақытқа дейін сезбедім, өйткені осы уақытқа дейін басымда тәж, көкірегімде лента болмады».Жылда болатын «Әлем ханымы» сайысы биыл онлайн форматта өткен соң, байқау шарттары да өзгерген. Жеңімпазды жарты минуттық видеоларына қарап таңдапты.
Арай ӘЛІМХАН, «Әлем ханымы» конкурсының қазақстандағы ресми өкілі «Мен басқа қатысушылардың презентациясын қарап шықтым да солардың арасында Жұлдыздың не үшін ұтқанын түсіндім».Дегенмен, дауыс беру бойынша ғана жүлделі болған Жұлдызға қатысты желіде сыни пікірлер де қөп. Дені сайысты сатып алған, дауыс бергендерге ақша ұстатқан, қысқасы әлемдік деңгейдегі байқаудың әділдігіне күмәнмен қарап отыр. Бұған қатысты жеңімпаздың өзі бүй деді.

Жұлдыз ӘБДІКӘРІМОВА, «Әлем ханымы» сайысының бас жүлде иегері «Қайраттың жалпы үлесі жоғары. Себебі, ең бастысы оның қолдауы болды. Одан кейін бір шарт болды ғой, балалы болу керек деген. Бұл жерде де Қайраттың үлесі жоғары болды деп ойлаймын. Сондықтан үлкен рахметімді айтамын. Дауыс беріп жүрген қарапайым халық біледі. Ақылы емес екенін бәрі біледі».Хош, оны қойшы. Кешелі-бері ресейлік БАҚ беттері «Біздің қыз- Әлем ханымы» жүлдесін ұтты деп сүйіншілеп жүр. Оған қатысты сайыстың ресми өкілі саспай мынадай жауап қатты.
Арай ӘЛІМХАН, «Әлем ханымы» конкурсының қазақстандағы ресми өкілі «Ол өзінің елінде басқа конкурсқа қатысса да, мен "Миссис Вселеннаяға" қатыстым деп фейк ақпаратты таратқан. Және сол жердің журналисттері, соның сөзіне сеніп, ақпаратты жібере салған. Сондай да болады».Ал жалпы «Әлем ханымы» сайысының берері не?
Арай ӘЛІМХАН, «Әлем ханымы» конкурсының қазақстандағы ресми өкілі «Мисс Вселенная мен Мисс мира ол күйеуге тимеген қыздардың байқауы, сондықтан оларда коммерциялық цель өте көп. Продвижение болады. Ал бұл жерде социальная цель. Мұнда ешқандай ақшасыз қатысасыз».Енді Жұлдыз келер жылдан бастап тұрмыстағы қыз-келіншектерге арнап, әлеуметтік жобаны бастамақшы. Онда бала-шағасымен үйде отырған аруларға онлайн жұмыс ұсынылып, тегін курстар өткізіледі, дейді.