Терезеден арқанмен түспек болған 80 жастағы әйел қайтыс болды

27 Мамыр, 2019 656 0

NewsROOM+. Қостанай қаласының 80 жастағы тұрғыны көпқабатты үйден арқанмен терезеден түспек болып, құлап кеткен.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға облыс орталығында болған.

«80 жастағы әйел ұлы екеуі үйдің 4 қабатында тұрған. Сырқаттанып жүрген ол далаға терезе арқылы шықпақ болады. Киім-кешектерден арқан жасап, төменге түспек болады. Арқан үзіліп кетіп, әйел көз жұмды. Бұл уақытта ұлы жұмыстарымен жүрген», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Полицейлер өлімінің нақты себептерін жарияламады. Бұл іс бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

hola news

Тегтер: қостанай, полиция, терезе, арқан, үй

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.