Белгілі журналистің анасына арнаған тілегі жұртты тәнті етті
Белгілі журналистің анасына арнаған тілегі жұртты тәнті етті

"Мама, мерейтой құтты болсын! Мына жағдайда тек осылай, алыстан тілек білдіруге тура келіп отыр. Ауырмай-сырқамай, алдымызда жүргенің жанымызға медеу. Бірде әп-сәтте бұрқансындатып дүниені төңкеріп жіберетіндей қылатын жасанды драмаң, бірде көзімізден су аққанша күлдіретін комедия-сөздерің мен аңғалдығың өзіңді біз білетін анамыз, жұрт танитын Күнсұлу қылады. Жетпісіңде де осы бала мінезіңнен, өмірге, өнерге деген шексіз ғашықтығыңнан, әлі де тың бұлбұл үніңнен, айналасын тамсандырып жүретін қалпыңнан айнымашы! Әулетімнің діңгегі, иманымның өлшемі болып алдымызда аман жүрші" , - деп жазды Дана Нұржігіт.Ақпарат өкілінің жазбасына сүйенсек, ол пандемия қауіптілігі салдарынан бұл күні анасының қасында бола алмаған. Журналист қазіргі таңда орын алған жағдайда тілекті тек әлеуметтік желі арқылы білдіруге мәжбүр екенін алға тартты. Желі қолданушылары Дана Нұржігіттің тілегіне қосылып, оның анасын жаңа жасымен құттықтауда. Олар өзінің ақ тілегі мен жылы лебіздерін жеткізді.