Түркістандық мектеп түлектері көпбалалы анаға үй сыйлады

25 Мамыр, 2019 678 0

Мейірімділік - адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы  Абай мектеп-лицейінің 1999 жылы мектеп бітірген түлектері 4 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан 4 бөлмелі үй алып беріп, қуанышқа бөледі. 

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған turkistannews.kz ақпарат агенттігінің меншікті тілшісі хабарлайды. 

Қуанышқа кенелген Юсупова Назира Жапарқұлқызы көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүрген болатын. Назира апай қасиетті рамазан айында  мектеп бітіргендеріне 20 жыл толғанын игі іспен өрнектеген түлектердің сыйына алғысы шексіз екенін жеткізді. Бұл қайырымдылық шарасы "Алтын ұям" жобасы аясында өтіп отыр.


Мичурин совхозында жұмысшы болып қызмет атқарған Назира Жапарқұлқызы сол маңайдағы Таусағыз ауылында жалдамалы пәтерде тұрған. Бүгінгі таңда бала күтімімен үйде отыр. 
Бұндай игі шара Түлкібас ауданында бірінші рет орын алып отырған жоқ. Былтыр дәл осы Абай мектеп- лицейінің 1998 жылы бітірген түлектері 7 баласы бар жалғыз басты анаға аудан орталығынан төрт бөлмелі үйді сыйға тартқан болатын. Осындай қайырымдылық  шаралары 20 жылдықты атап өтетін түлектер арасында дәстүрге айналғандай.


Тегтер: түркістан, жастар, жаңалық, қайырымдылық, алтын, ұям, қоғам

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.