Волейболшы Сабина Алтынбекованың күйеуі жайлы не білеміз?
Волейболшы Сабина Алтынбекованың күйеуі жайлы не білеміз?

"Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некесін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!", - деп жазды Islam.kz порталының бас редакторы Қайрат Жолдыбайұлы. Екі жастың некесін Жолдыбайұлы қиды.Ашық дереккөздерде спортшының күйеуі туралы ақпарат аз. "Одноклассники" желісіндегі парақшасында оның 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келген. Сонымен қатар Саят Тостықбаевтың қазақстандық "Круиз" кинокомедиясы продюсерлерінің қатарында болғаны белгілі. Өткен жылы кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің спорттық киім желісін таныстыру кезінде қонақтардың арасында болды.