Алматыда 97 жастағы зейнеткерден коронавирус анықталды
Алматыда 97 жастағы зейнеткерден коронавирус анықталды
Алматыда соңғы мәліметтер бойынша COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңадан 23 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz.
Олардың барлығы індет жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.
"Олардың ішінде 17 әйел, 5 ер адам және 6 жасар бала бар. Жаңадан анықталғандардың арасында 97 жастағы зейнеткер әже де бар",– деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.
Мекеменің мәліметінше, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында 717 адам бар: бір адамданың жағдайы – өте ауыр, 23 адамда – ауыр, 200 адамда – орташа ауырлық дәрежесінде, қалғандарында – қанағаттанарлық.
Жалпы, Алматыда коронавирус 814 адамда расталды.