Қазақстанның қос президенті Қытайда танысқаны рас па?

24 Мамыр, 2019 572 5

NewsROOM+. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевпен алғаш қалай танысқандарын еске алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Елбасы "Nur Otan" партиясы кандидатының Республикалық штабының мүшелерімен кездесуінде айтты.

"1984 жылы мен үкімет басшысы болып тұрғанымда, Кеңес одағының делегациясымен  Қытайға бардым. Ол кез ССРО мен Қытайдың арасындағы саяси кикілжің ушыққан кезең еді. Жоғары кеңестің делегациясы қатарында бізге қытай тілінен аударма жасауға көмектескен жас жігіт болды. Ол жігіт Қытайдағы ССРО елшілігінде жұмыс жасайды екен. Ол – Қасым-Жомарт Тоқаев еді. Қасым-Жомартпен алғаш кездесуім осылай болып еді", - деді өткенді еске алған Нұрсұлтан Әбішұлы.

Алғаш тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне тәжірибелі мамандар жетіспегенін, сол уақытта Тоқаевты Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне шақырғанын да Елбасы атап өтті.

"Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне білікті мамандар қажет болды, Қасым-Жомарт Кемелұлын Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне шақырдым. Сол кезден бері бірге жұмыс жасап келеміз. Сіздерге мұның барлығын менің бұл адамды қаншалықты жақын танитынымды түсінсін деп айтып отырмын. Адамды барынша жақын тани түсу үшін, оны жан-жақты зерттеу қажет, дос ретінде, жолдас ретінде, неге қызығатынын білу керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев

Тегтер: НұрсұлтанНазарбаев, Тоқаев, президент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Admin2 25 Мамыр, 2019

wwdwffw

Admin2 25 Мамыр, 2019

wdwdwdw

Admin2 25 Мамыр, 2019

wdwdwdw

Admin2 25 Мамыр, 2019

ewfwefwefwefw

Admin2 25 Мамыр, 2019

ewef