Ұйықтап жатқан адамға қар лақтырып оятып, құтқарған мамандар жұртты тәнті етті
Ұйықтап жатқан адамға қар лақтырып оятып, құтқарған мамандар жұртты тәнті етті

"Жанып кете жаздадың, аға!" - деп түсіндірді өртсөндіруші. "Қойшы!" - деп таңғалды ер адам.Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ер адамның үйінде пеште тамақ күйіп жатқанын көршілері байқап, пәтерде электр энергиясын уақытылы істен шығарып, 101-ге қоңырау шалған. Тұрғындардың айтуынша, түтін бірінші қабаттағы пәтерден шыққан. Адамдар көршісінің есігін қаққан, бірақ ол ашпаған.
"Біз терезені ашып, бөлмеде бір адам ұйықтап жатқанын көрдік. Есікті бұзып, терезелердегі торларды сындырудың мәні болмады. Ер адамға өрт оқпанын беруге болушы еді, бірақ олар жай ғана қар лақтырумен шектелді. Үй иесі оянды. Біз айғайлап едік, ол шықты", - деді Павлодардың №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы Қайрат Бексейітов.