Жалақысы 42 мың теңгеден аспайтын балабақша тәрбиешілері наразылық білдірді
Жалақысы 42 мың теңгеден аспайтын балабақша тәрбиешілері наразылық білдірді


"Шенеуніктердің кесірінен енді содан да қағылдық", - дейді.Жыл басында мекемелер әкімдікпен қаржыландыру туралы келісім-шартқа отырады. Бірақ қазан айында әкімдік келісім-шартты бұзбастан, балабақшаларды білім бөлімінің есебіне өткізе салған. Енді білім бөлімі де, әкімдік те қаржы жағына жауап бермейміз деп басын алып қашуда.
"Қараша-желтоқсанда, біз жыл соңына дейін ала алмасақ, қаңтарда облысқа өтеді екенбіз сонда екі айлығымыз жоқ боп кетейін деп тұр. Сонда біз қайдан айлық аламыз? Банкрот болып отырмыз, жалға аламыз, салық бар, түкке төлей алмай, екі ай бойы есепшотымызды жауып та тастады", - дейді балабақша меңгерушісі Сафура Андабаева.Әкім орынбасары қарашаның айлығын келер аптаның дүйсенбісінен қалдырмай толық төлеуге уәде берді. Ал жыл бітуге бірнеше ай қалғанда 83 балабақшаны білім бөліміне неліктен өткізе салғанын шенеунік сол күйі түсіндіре алмады.
"Жыл басында жоспарланған кезде бізде кірістің бір-екі көзі орындалмай қалды. Өздеріңіз біліп отырсыздар, карантин кезінде салықтың көбіне оптимизация жасалғанда кәсіпкерлерге соның салдарынан кірістің кейбір түрі орындалмады", - дейді Келес ауданы әкімінің орынбасары Серік Қарақұлов.100-ден астам тәрбиеші жаңа жылға дейін жалақы түгел түспесе, білім бөлімі алдында тұрған мерекелік шыршаға дейін құлатып тастаймыз деп отыр.