2021 жылдың алғашқы айында ауа райы қандай болады?
2021 жылдың алғашқы айында ауа райы қандай болады?

"Қаңтарда жауын-шашынның мөлшерi республика бойынша таралуы бiркелкi емес, Қазақстанның көптеген бөлiгiнде жауын-шашын 10-нан 30 миллиметрге дейiн, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы аудандарында көбірек жауады - 40-82 миллметр. Консультатив болжамға сәйкес, 2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болжануда, Қазақстанның шығыс жартысында 1 градус мөлшерден төмен күтіледі. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік мен оңтүстіктің кей жерлерде нормадан аз болжанады", - дейді синоптиктер.Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерде бірнеше суық толқын күтіледі. Ауа температурасының едәуір төмендеуін қаңтардың екінші жартысында болжанады, ауа температурасы: солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 градусқа дейін, кей жерлерде -39 градусқа дейін, күндіз -20-27 градусқа дейін; республиканың батысында түнде -20-27 градусқа дейін, күндіз -10-20 градусқа дейін; оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 градусқа дейін, жерлерде -30 градус, күндіз -7-15 градусқа дейін төмендейді.