Жаңалықтар

 Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Петропавлда 26 сәуір күні оңтүстік-батыстан қатты жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 %. 26 cәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Дауыл тұру ықтималдылығы - 95-100 %.