Жаңалықтар

Ескі ұшақтан тұрғын үй жасап, атақты болды

Ескі ұшақтан тұрғын үй жасап, атақты болды

АҚШ-тың Миссисипи штатының тұрғыны, косметолог болып қызмет атқарған американдық әйел ұшақты тұрғын үйге айналдырып, танымал болды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Бұндай идеяны американдық Джо Энн Уссериге өзінің күйеу баласы кеңес берген екен. Ол кезде күйеу баласы Боб Фэрроу әуе диспетчері болып қызмет атқарған. 1994 жылы Джо Энн Уссери қолданыстан шыққан жолаушылар тасымалдайтын Boeing 727 әуе лайнерін 2 мың АҚШ долларына сатып алыпты. Американдық басылымдардың мәліметінше, Уссери ханым жойқын желдің әсерінен үйі тас-талқан болған екен. Осылайша ол ескі ұшақтан үй жасауды ұйғарыпты. Today телешоуында берген сұхбатында ол, су кіргізу, жылу орнату, жарық қосуға, жалпы жөндеу жұмыстарына 30 мың доллар жұмсалғанын айтқан. Ал джакузиді ұшақтың тұмсық жағына орналастыруды жөн көріпті. Көл жаққа қаратылған шомылу бөлмесі құдды аспанда қалықтап ұшқандай әсер қалдырады деп түсіндірген. Ал жүк салатын бөліктер киім-кешектер мен қажетті нәрселер сақтайтын орындарға айналған. "Менің 27 жылдық ұшағым дүниедегі ең керемет үйлердің бірі. Онда адам үйіне қалайтын заттың бәрі бар. Телефон, желдеткіш, кіржуатын машина",-деп мақтанады үйдің иесі. Ал оның немерелері бортта жүгіріп ойнағанды ұнатса, ал достары керемет отырыстарды ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Джо Энн төрт жыл бойы өз үйінде тұрып келген. Қазіргі таңда туристтердің тамашалайтын орнына айналып, табыс табу көзіне айналған. Бір қызығы осы уақыт аралығында американдық қарапайым косметолог әртүрлі шоуларға қатысып, түрлі басылымдарға сұхбат беріп, әлемге танылып үлгеріпті.