Абаев: Қазақстандық журналистика әлемдік деңгейге жетті

23 Мамыр, 2019 707 0

NewsROOM+. Алматыда өткен XVI Еуразиялық медиафорумының кулуарында Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан журналистикасының деңгейі туралы пікір білдірді.

"Мен мас-медианы қазақстандық, шетелдік деп бөлмеймін. Иә, барлық БАҚ-қа тән кемшіліктер бар. Бірақ қазақстандық журналистика әлемдік деңгейге жеткенін атап өту керек", - деп айтты Абаев.

Ақпарат министрі дәстүрлі журналистиканың әлеуметтік желілермен бәсекелесуі тақырыбына тоқталды. Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары беделді және халықтың сеніміне ие болуы тиіс.

"Бүкіл әлем әлеуметтік желілерде жазылған ақпараттан гөрі кәсіби журналистикаға көбірек сенеді. Журналистердің әлеуметтік желі қолданушыларынан айырмашылығы ақпаратты жариялаудан бұрын тексереді", - деді Абаев.

 Министр қазақстандық журналистика қоғамға сенімді дереккөздерден расталған ақпарат тарататынына сенімді екендігін жеткізді.

hola news

Тегтер: XVIЕуразиялықмедиафорум, журналистика, медиа, министр

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.