Зеленский мүліктері мен 2018 жылдың табысы туралы мәліметтерді жариялады

23 Мамыр, 2019 1064 0

NewsROOM+. Украина президенті Владимир Зеленский 2018 жылдың табысы туралы декларациясын жариялады. Қоғам белсенділері бұл мәліметті президент сайлауының екінші туры қарсаңында сұраған еді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтарына сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Зеленский мен оның әйелінің мүлік декларациясына Киев облысындағы үйі; Киевтегі төрт пәтері; Қырымдағы пәтері; Киевтегі екі пәтері, бірақ олардың меншік иесі үшінші тұлға деп көрсетілген; Киевтегі екі автокөлік тұрағы; Киевте тұруға арналмаған екі кеңсе; Ұлыбританияда жалға алынған екі пәтер; Италиядағы екі үй; Грузиядағы қонақ үйдегі он нөмір (оның құрылысы әлі бітпеген) енді.

Ерлі-зайыптылар екі автокөлігін (Range Rover және Mercedes-Benz S 500), алты сағаты мен құнды қағаздарын тізімге қосты.

Бір жылда Зеленский шамамен 4 миллион 170 мың гривен (шамамен 160 мың доллар) табыс тапты. Бұған қоса президент ПриватБанк есебіндегі 400 мың долларды, ОТП Банктегі 1 млн гривенді (38 мың доллар), 190 мың доллар және 100 мың евро қолмақол ақшасын декларациялаған.

Зеленский Украина президенті антын 20 мамырда қабылдады.

"Кеңселеріңізде менің суретім ілініп тұрғанын қаламаймын. Президент икона емес. Оның орнына балаларыңмен бірге түскен суретті іліңіз, әрбір қабылдаған шешімді солардың көздеріне қарап қабылдаңыз", – деді ол.

Тегтер: ВладимирЗеленский, табыс, декларация

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.