Covid-19-ға қарсы вакцина алған министрдің жағдайы қалай?
Covid-19-ға қарсы вакцина алған министрдің жағдайы қалай?
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ол екпені 2020 жылдың тамызында салдырған, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, вакцинациядан кейін асқыну, дене қызуы болмапты. Бірінші айда организмді тексеріп, анализдер өткізіп жүретінмін, бірақ кейіннен ешқандай өзгеріс болмағандықтан тексерілуді қойдым", - дейді министр.Министр күзде Денсаулық сақтау министрлігінің Алматыдағы клиникалық базасына барып, онда аурухана мен жекеменшік орталық қызметкерлері антиденені анықтайтын анализ тапсырған.
Тірі штамды жұқтырғанша, вакцина салдырып, иммунитет қалыптастырған дұрыс", - дейді Асхат Аймағамбетов.