Биыл жаңа жыл Аяз атасыз өтеді
Биыл жаңа жыл Аяз атасыз өтеді

"25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни аяз Ата, ақшақар және басқа жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салу", - делінген қаулыда.Құжатта мектепке дейінгі мекемелерде қосымша кезекші топтар мен қала мектептерінде 1-5-сынып аралығында қосымша кезекші сыныптар ашуды тоқтату туралы айтылған.
"Сауда нысандары, оның ішінде ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің жұмысы жұмыс, демалыс және мереке күндері 23.00-ге дейін ұзартылады. Сондай-ақ, сағат 23.00-ге дейін қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс істейді. Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс уақыты жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 17.00-ге дейін шектеледі", - делінген.