"Анау-мынау емес": Әбдіжаппар Әлқожа Bentley көлігін сатып алды

23 Мамыр, 2019 831 0

NewsROOM+. Отандық эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа Bentley көлігін сатып алды. Бұл туралы әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев өзінің Instagram парақшасында айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаңа тұлпарың құтты болсын. Әрбір қазағыма жұғысты болсын",- деп жазған Әбдіжаппардың досы.

Одан бөлек, сахна серісінің бұл жаңалығымен желідегі басқа топтар да бөліскен. Сүйінші хабарды жеткізгендер қатарында Toiduman.kz парақшасы да бар.

"Әбдіжаппар Әлқожаның су жаңа бейнебаяны... емес , темір тұлпары құтты болсын! Ия, әншілеріміз анау-мынау емес Bentley-мен жүреді. Не дейміз енді, #ҚазақтыңТойыБітпесін",- делінген аталған жазбада.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары өз тілектерін білдірген.

"Құтты болсын", "Игілігіңе мінгейсің", "Темір тұлпар құтты болсын", "Құттықтаймын", "Bentley ғой" -деп жазған олар.

,

Тегтер: ӘбдіжаппарӘлқожа, көлік, шоу-бизнес

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.