Актриса Айнұр Ілиясова енелерге неге өкпелі?
Актриса Айнұр Ілиясова енелерге неге өкпелі?

Айнұр Ілиясованың айтуынша, қыз бала біреудің үйіне күң болу үшін емес, бақытты болу үшін келеді. "Келін жаман ба, түскен жері жаман ба? Бұл фильмнің дәл осы сахнасында мен шынымен жыладым. Сол рөлде келінді сезіндім. Себебі, жат жұрттық қыздың түскен жеріне үйренісе алмай жүргенде, оған айтылатын әр сын, «отырсаң опақ, тұрсақ сопақ», күң ретінде қарау, ұлына оны тең көрмей, «...ана қызды алу керек еді, мынаның тәрбиесі жоқ, қолынан түк те келмейді...» сынды ойлары, бәрі де моральдық тұрғыдан ауыр келетінін сол келіннен басқа кім түсінеді?Түскен келіннің статусына қарау да етек жайып бара жатқан дәстүрге айналды. Егер алған келін ақшасы, билігі бар жерден болса, онда мақтануға сылтау, “біздің келін сондай, біздің құда-құдағиларымыз осындай”, ал қарапайым отбасыдан шыққан қыз сонда адам емес пе?! Өздеріңіз де білетін шығарсыздар, жақында болған оқиғаны.

Ал бізде таңертеңнен кешке дейін үй шаруасы, сол үйдің адамдарының айтқанын орындаумен, тепкі көрумен, былайша айтқанда, қызметші рөлінде күн, айлар, жылдар, солайша өмірінің қалай өтіп кеткенін байқамай қалады. Ал қыз, ең бірінші, ұрпақ тәрбиелейтін нағыз тұлға ғой. Текті, тәрбиелі ұрпақ қалу үшін келін күң болу керек деген заң, дәстүр бар ма, қазақта? Бұған әрине «жоқ» деп жауап бересіздер. Ең бастысы, осының бәрі де біздің өзімізден, яғни әйелдерден шығып жатыр. Келіннің енесі еркек емес қой, әйел! Әйелін соққан еркекке қолдау көрсеткен анасы да әйел" , - деп ағынан жарылды ол.