Жаңалықтар

Карантинде қаржыны үнемді жұмсау үшін 7 кеңес

Карантинде қаржыны үнемді жұмсау үшін 7 кеңес

Соңғы кезде қолма-қол ақша ұстауды шетке ысырып тастап, пластик карталарында сақтауды әдетке айналдырдық. Бір жағынан ыңғайлы, екінші жағынан жаратып тастамауға әрекет. Алайда қазір карантин кезінде үйге жеткізіп беретін орталықтар баршылық. Сондықтан "картадағы ақша жаратылмайды" деген жаңсақ пікір болмақ. Карантин кезінде қаржыны қалай үнемдеу керектігі туралы ақыл-кеңестер жеткілікті. Әйтсе де бүгін біз босқа қажетсіз заттарды сатып алудан сақтану үшін 7 пайдалы кеңесті ұсынамыз. 1.Орынсыз кішкентай нәрселерді сатып алуды доғарыныз. Егер байқаған болсаңыз, қажетті қымбат нәрсені сатып алу үшін қатты ойланамыз. Ал майда-шүйде нәрселерді ойланбай сатып ала саламыз. Немесе сондай тұрмыстық заттарды көбірек алып қояға тырысамыз. Осылайша аз қаржы жұмсалатын нарсемізге қымбат нәрсеге кететін қаржыны жұмсап, қомақты қаржы кетіп қалатынын ескермей жатамыз. 2.Ақшаны көрпенің астына жасырмаңыз. Көпшілігіміз солай істейміз. Ондағы мақсат сол жерде жасырып, ұстап үстіне қосып санын көбейту. Алайда бұл да қате пікір. Алдымен жоғарыдағыда айтылғандай, тығып ұстаған ақшаға қолыңыз кетіп қалады. "Мына затты ала салсам, орны білінбейді" деп ойлаймыз. Ең жақсысы көрпе астындағы ақша құнын жоғалтпаса, саны артпайды. 3.Қаржыны ақылсыз жаратпаңыз. Карантин кезінен қорыққан адам сөзсіз азық-түлік пен тұрмыстық қажетті заттарды көптеп алуға тырысады. "Ұзаққа созылып кетсе, артығымен үйде тұра берсін" деген ойдың өзі қаппен азық-түлікке жұмсап тастауға әкеліп соғады. Қанша көп қор жинасаңыз, оны оңды-солды жаратуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан да қымбатшылықтан қорқып, бүкіл дүкенді үйіңізге көшіру бос сандырақ. Дүрбелеңге түсуге ешқандай негіз жоқ. Ең дұрысы осы күнге дейін алып жүрген қажетті заттарыңызды мөлшерімен алып жүргендей базарлық жасаған абзал. 4.Қордағы мүліктен құтылуға асықпаңыз. Ол дегеніміз, болашаққа деп алып қойған жер немесе қымбат мүлкіңіз болса, "ертеңгі күні сата алмай қалмаймын ба" деген қорқынышпен тезірек сатуға асығу. Мүлікті сатып, ақшалай қор жинаймын деген қате пікір. "Қазақта жақсы сөз жарым ырыс" демекші, бұл қиын кезеңдер өтіп кетеді деген пікірді санаңызға құйғаныңыз дұрыс. 5.Ағзаңызға қажетті нәрселерден үнемдеудің қажеті жоқ. Үнемдеу керек дегенге, ішіп-жеуді азайтудың қажеті жоқ, әрине. Тек қара су мен нан жеу деген емес. Көкөністер мен жеміс-жидектерден бас тарту жөнсіз. Өйткені дәл қазіргі кезде адам ағзасы мол витаминдерге зәру. Себебі келеңсіз ақпарлар мен карантин режимі ағзаны күйзеліске түсіруі мүмкін. Соқыр тиынды санап күн көріп, денсаулығыңыз сыр беруі әбден мүмкін. Үнемдеуді саналы түрде жасаған дұрыс. Барлық нәрседен бірден бас тартқан дұрыс емес. 6.Кризис кезіне дейін қалай өмір сүрсеңіз,солай жалғастырмаңыз. Егер сіздің қаржылық жағдайыңыз бұрынғысынша болса, тіпті жақсы. Ал қалтаңызға едәуір салмақ түсіріп жатса, онда дәл қазіргі сәт босқа жұмсайтын қаржыңызды үнемдейтін сәт. Мәселен темекі шегетін болсаңыз, нағыз тастайтын уақыт. Кофені жеткізу арқылы алып жүрген болсаңыз, үйге құтысымен сатып алып, өзіңіз дайындап ішіңіз. Әдетке айналған дүниелерден өзіңізді шектесеңіз құба-құп болары анық. 7. Барлық нәрсе таусылып қалатынды ойламаңыз. Қазір сатып алмасаңыз, ертең таппай қалу қорқыныш сезімі барлық адамда болады. Сондықтан да әдетте бағасы арзан затты, әлдеқайда қымбатқа сатып алуыңыз мүмкін. Бағаларды салыстырып, әртүрлі дүкенге барған дұрыс. Химиялық құралдар мен азық-түлікті бір аптаға керектісін ғана сатып алыңыз.