Қарағандыда бөлім басшысы ҰБТ-да қызына көмектескені үшін жазаланды

23 Мамыр, 2019 603 0

NewsROOM+. Қарағанды облысы аудандық білім департаментінің басшысы Айнагүл Ақмағамбетова жазаланады, деп хабарлайды 31 арна.

Бөлім басшысы мектеп бітіруші қызына ҰБТ-да жоғары балл жинауға көмектескен. Тестілеу наурыз айында өткен. Абитуриенттердің бірінің анасы Айнагүл Ақмағанбетова мемлекеттік комиссияның төрайымы болыпты.Ақмағанбетованың қызы ҰБТ-ны телефонның көмегі арқылы тапсырып шығып, 103 балл жинаған.

Алайда ережеге қарсы келетін әрекет бірден анықталмаған. Мемлекеттік қызмет департаментінің мамандары видеоны көру барысында заң бұзушылықты анықтады.

Емтихан кезінде жауап қабылданып қойғандықтан, ҰБТ нәтижелері жойылмады. Сондықтан қыздың баллы сол қалпында қалды.Бірақ мектеп түлегі мемлекенттік грантқа таласа алмайды. Оның тапсырған тесті ақылы бөлімге арналған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының басшысы Жандос Сәрсенов аудандық білім бөлімінің басшысын жаза күтіп тұрғанын айтты.

hola news

Тегтер: қарағанды, ҰБТ, білім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.