Оттегі жетпей 41 мың құс қырылып қалған
Оттегі жетпей 41 мың құс қырылып қалған

"Екінші бройлер цехының үшінші корпусында микроклиматты бақылайтын компьютер істен шықты. Бұл ауа беру клапандарының жабылуына әкелген, бұл өз кезегінде бөлме температурасының көтерілуіне және оттегінің азаюына себепші болған. Аталған фактіні кәсіпорынның ветеринарлық қызметі растады", - делінген Ұйғыр ауданы әкімдігінің хабарламасында.Әкімдікте құс тұмауын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілгенін, талдау теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.