Көлік артына итін байлаған азамат мән-жайды түсіндіріп берді
Көлік артына итін байлаған азамат мән-жайды түсіндіріп берді

"Іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтады. Ол Екібастұз қаласының 72 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамның айтуынша, бұл күні Алабай итін мал дәрігерлік клиникаға апарған. Ол егде жаста болуына байланысты итті көлік салонына отырғыза алмаған", - делінген хабарламада.Осылайша, 72 жастағы ер адам итті көлігіне байлап "қыдыртқан". Жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің көлігі айып тұрағына қойылды. Ит иесіне берілді.