Шымкентте қаржылық пирамида құрған алты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау ауданы Полиция басқармасы «Evolution Corporation» және «Indigo24» ұйымдарына қатысты ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.
23 қарашада Шымкент қаласы Мамандандырылған тергеу сотымен алты күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.