Жаңалықтар

Түркістан-Мақтаарал: Мақтааралда тұрғын үй құрылысы қарқын алмақ

Түркістан-Мақтаарал: Мақтааралда тұрғын үй құрылысы қарқын алмақ

 width= Бүгінде сапалық тұрғыда экономика мен әлеуметтік салада, білім мен денсаулық, мәдениет салаларында анағұрлым жетістіктерге қол жеткізген «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бауыржан Абилов Мырзакент кентінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, «Nur Otan»-ның бастамасымен бағындырылған белестерге тоқталды.  width=
«Жүйелі жоспардың жоғары нәтижесі де аз емес, оны мойындаған жөн. Және де мұны айтып отыру керек. Себебі, ертеңіміз бұдан да жарқын, айқын және келбетті де көрікті болу үшін бұның бәрін үнемі есте тұтқан абзал. Салыстырып, салмақтап, таразылап байқау, бағамдау үшін қажет» - дейді үміткер.
Еркін форматта өткен сұхбат кезінде кент тұрғындары жас отбасылар мен көпбалалы, аз қамтамасыз етілген жанұяларды баспанамен, тұрғындарды сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері жайында сұрады.  width= «Nur Otan» партиясы елді мекендерде сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартып, тозығы жеткен ауыз су ұңғымаларын қайта қазуға, құбырларын жаңартуға ықпал ете отырып 2025 жылға қарай аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуді қолға алмақ. Мұнан бөлек, 2021–2025 жылдар аралығында Мырзакент кентінен 30 гектар жерге жеке инвестицияларды тарту есебінен 3 қабатты 1200 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу арқылы кезекте тұрған 153 отбасын баспанамен қамтымақ. Осы және өзге де бірқатар партия жоспарларымен бөліскен Бауыржан Абилов алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.                            «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді