Петропавлда "емшілер" үш әйелді 195 мың теңгеге алдап соқты

22 Мамыр, 2019 594 0

NewsROOM+. Петропавлда емшілікпен айналысатын, окульттық-мистикалық қозғалыстың жақтаушылары ұсталды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

Өздерін емшіміз деп бірнеше қала тұрғындарын алдаған адамдарға сенгендердің қатарында 195 мың теңге жинап берген үш әйел бар. 

"Петропавлда тұратын үш әйел оларға 63 мың теңгеден берген. Жедел қызметкерлер әйелдерді алдап соққан адамдардың "Ата Жолы" атты сотпен тыйым салынған окульттық-мистикалық қозғалыстың әдісі бойынша жұмыс істейтінін анықтады.

Олар адамдардың санасына дерттері дәстүрлі медицинамен емделмейтінін сіндіру үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданған", — деп полиция басқармасы хабарлады. 

"Емшілер" адамдарды жалдамалы пәтерлерде қабылдаған. Дерттен толық жазылып кету үшін қасиетті жерлерге бару керектігін айтып, соған сендірмек болған. "Емдеген" әйелдердің ешқайсысында медициналық білім де, емші екенін растайтын сертификат та жоқ.

Олар заң жүзінде ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 489 бабы, 10 бөлігі бойынша жазаға тартылды. Тыйым салынған қозғалыстың жақтаушылары 50 АЕК (126 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл төлеуі керек еді. Алайда, олар өз қателіктерін бірден мойындап, айыппұлды жеті күннің ішінде төлеп, 50 пайыздық жеңілдік алды.


Тегтер: петропавл, емші, алаяқ, ақша

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.