Алматыда «Science and Business» ғылыми конференциясы өтті

22 Мамыр, 2019 953 0

NewsROOM+. Бүгін Алматыдағы «Rahat Palace» қонақ үйінде ғылым мен бизнесті инновациялық үдерісте біріктіруге бағытталған «SCIENCE AND BUSINESS» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды «Newsroom.kz» тілшісі.

Ғылыми шараны «Жалпы тәжірибе дәрігері – Консультант Эксперт» медициналық консультативтік орталығы және «Жалын» ғылыми өндірістік техникалық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Ғылыми тәжірибелер алмасу шарасына Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Самек Властимил, «Жалын» ғылыми өндірістік-техникалық орталығының бас директоры, химия ғылымдарының докторы Сестагер Ақназаров, Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті, биология ғылымдарының докторы Юрий Синявский, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Анатолий Купчишин, «ТимАЛ» орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы Мәмбет Нұралиев, «Жалпы тәжірибе дәрігері – Консультант Эксперт» орталығының бас директоры, биология ғылымдарының кандидаты Хабиболла Бисмильдин және тағы басқа отандық ғалымдар,  кәсіпкерлер, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері  бас қосты.

Конференция жұмысында«Медицина, нанотехнология, биомедицина және агроөнеркәсіп саласындағы теория мен практика бойынша ақпарат және пікір алмасу», «Бірлескен ғылыми және бизнес бағдарламаларды талқылау және әзірлеу, шарттар мен келісім-шарттар жасасу», «Медицина, нанотехнология, биомедицина және агроөнеркәсіп саласындағы қазіргі заманғы ғылым мен өнеркәсіптің жағдайын талдау»  секілді тақырыптар бойынша әңгіме өрбітілді.

«INFINITЕ компаниясы желілі маркетинг жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Осы жүйенің негізгі принциптеріне сай дистрибьюторлар өнімнің сапасы мен қасиеті жайында жан-жаққа ақпарат таратады. Қазіргі кезде халыққа қажетті мәліметті таратушылар және біздің тарапымыздан ұсынылған өнімді тұтынушылар саны уақыт озған сайын арта түсуде. Соның нәтижесінде кең тараған аллергиялық аурулар азайып, бірқатар улану түрлерінен адамдар тез айығуда. Айтулы ұжым Қазақстанның барлық қалалары мен ТМД елдерінің бірқатар аймақтарында заңды түрде тіркеліп, жемісті еңбек етіп жатыр. Бір сөзбен айтсақ, INFINITЕ – отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарушы компания. Біраз жылдан бері осы бағытта «Жалын» ғылыми өндірістік-техникалық орталығымен тығыз қарым-қатынаста еңбек етіп келеміз», – дейді  INFINITЕ компаниясының бас директоры Марат Шугаепов.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша жас ғалымдарға үздік ғылыми еңбектерін баяндаған үшін ақшалай сыйлықтар берілді. Бұл қолдау жас ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер береді және жастардың технологиялық міндеттер мен проблемаларды шешуге қатысуын ынталандырады. Үздік баяндамашылардыңдың қатарында «Жалын» ғылыми өндірістік-техникалық орталығының жас мамандарының жұмыстары ерекше ізденісті еңбектер қатарынан көрінді.  

Қысқаша айта кетер болсақ, «ЖАЛЫН» ғылыми өндірістік-техникалық орталығы - қазіргі заманның ғылыми-зерттеу орталығы 2006 жылы құрылған және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде тіркелген. Бүгінгі күні орталық жоғары оқу орындарының қатысуымен жұмыс істейтін, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын стартап-компания болып табылады. Орталықта көміртекті сорбциялық материалдар, препараттар, бадтар, медицинаға арналған бұйымдар; ауыл шаруашылығына арналған микроұбырларды өндіру және өсімдіктердің өсуін реттегіштер өндіріледі, кабель өнімдері мен пластикат өндірісі де дамуда.

Тегтер: ScienceandBusiness, ғылым, конференция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.