Мақпал Жүнісова тойдан қанша гонорар алатынын айтты

22 Мамыр, 2019 636 0

NewsROOM+. Мақпал Жүнісова той иелерінің өзіне көбірек гонорар беретінін айтты. Халық әртісі қуаныш иелерінің бұл әрекетіне не себеп болатынын да жасырмаған деп жазады "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол тек салиқалы той-томалаққа ғана барады екен.

"Мені тойға шақырғанда, маған басқа әншілерге төлегендей төлемейді. Маған қымбатырақ төлейді. Өйткені, өздерінің сұрауы сол. "Сіз бір-ақ өлең айтып кетіп қалмаңыз. Екі өлеңнен кейін кетпеңіз. Сіз 6-7 өлең айтуыңыз керек" дейді. Соған байланысты ақшасы да басқа әншілерге қарағанда қымбатырақ.

Мысалы басқа әншілер барып, бірнеше өлең айтып, келесі мейрамханаға барады. Күніне 3-4 мейрамхана аралайтын әншілерді білем мен. Олар енді жас әншілер ғой, жүгірген жақсы. Жасымызға байланысты бізге әрі-бері жүгіріп жүру де ыңғайсыздау", - деді Мақпал Жүнісова.

Еске сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әнші өзінің атын пайдаланып, той иесінен 3 мың АҚШ долларын алып кеткен танысы жайлы айтып берген болатын.

Сонымен қатар биылғы жылдың қаңтарында Астанадағы концерттердің бірінде Мақпал Жүнісованың бағалы тасы бар сырғасы мен әшекейін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. 

Тегтер: МақпалЖүнісова, гонарар, той, ақша

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.