Министр Аймағамбетов: Сатып алынған марапат – марапат емес
Министр Аймағамбетов: Сатып алынған марапат – марапат емес

Соңғы кездері әр түрлі ақылы марапаттардың тарағаны байқалады. Ол ешкімге жасырын емес. Олардың дизайны да, аты да ресми бекітілген марапаттарға ұқсатып жасалған. Кейбір мұғалімдер білмегендіктен, кейбіреулері біле тұра күмәнді ақылы жарыстарға қатысады. Сатып алынған марапат – марапат емес. Егер бұл қоғамдық марапат болса, ол ақылы болмауы тиіс. Сондықтан осы ақпаратты көпшілікке жеткізу керек. Мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет", – деді Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВБілім және ғылым министрлігі ата-аналарға білім беру ұйымынан тыс ақылы негізде өткізілетін конкурстар мен олимпиадаларды таңдауда мұқияттылық танытуға шақырады. Мектептерде ақылы олимпиадалар өткізуге қатаң тыйым салынғанын да ескерген жөн. Жеке ұйымдар оқушылар мен мұғалімдерге арналған күмәнді ақылы онлайн конкурстар мен олимпиадаларды ұйымдастырып жүр. Сондықтан ҚР БҒМ педагогтерді, ата-аналарды ұйымдастырушылардың алаяқтық әрекеттерінен сақ болуға шақырады. Олардың көздеген мақсаты – заңсыз ақша жинау.
Мұғалімдерге арналған ақылы конкурстар нәтижесінде берілетін марапаттар ресми болып есептелмейді және педагогтерді аттестаттау кезінде ескерілмейді. Жалған наградаларды пайдалану – педагог пен білім беру ұйымының беделіне нұқсан келтіреді", – деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.