Әлеуметтік желіде банктің жалған парақшасы пайда болды
Әлеуметтік желіде банктің жалған парақшасы пайда болды
Әлеуметтік желіде қазақстандық банктің жалған парақшасы пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Stopfake порталының редакциясына Facebook-тегі парақшаны тексеруді сұраған оқырман жүгінген.
Басылым мәліметінше, бұл - фейк парақша. "Бұл алаяқтардың ісі! Сақ болыңыздар және шоттар бойынша ақпарат бермеулеріңізді сұраймыз", - деді банк өкілдері.Сондай-ақ, аккаунттың жалған екенін парақшаны верификациялайтын арнайы белгілердің болмауынан және мекеменің акциялары мен жұмысы туралы тиісті ақпараттың жоқтығынан байқауға болады. Мұның бәрі Halyk Bank-тің ресми аккаунтында жарияланған. Дербес деректерді немесе төлем карталары туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға ешбір жағдайда хабарлауға болмайды. Құпия сөз бен шоттарға кіру кодтарын банк қызметкерлеріне де айтуға болмайды.