Эйфель мұнарасына шығып алған ресейлікті психиатрияға жіберді

22 Мамыр, 2019 942 0

NewsROOM+. Француз полициясы 20 мамырда Эйфель мұнарасына шығып алып, алты сағат бойы түспей қойған ресейлікті психиатриялық ауруханаға жіберді. Бұл туралы AFP агенттігі полициядағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ұсталған адамның кім екені хабарланбады, бірақ BFM француз телеарнасы оның Франциядан босқын мәртебесін ала алмай жүрген Ресей азаматы екенін таратқан. Оның қауіпсіздік жүйесін қалай айналып өткені әзірге белгісіз. Осы оқиғадан соң дүйсенбі күні Эйфель мұнарасына туристерді жібермей қойды. Сейсенбі күні мұнараға өрмелеген ер кісіні полиция тергеді.

Оны мәдениет нысанына заңсыз кірді деп айыптауы мүмкін.

centralasian.org

Тегтер: эйфель, франция, ресей

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.