Жаңа жылға дейін не істеу керек? Психолог айтып берді
Жаңа жылға дейін не істеу керек? Психолог айтып берді

«Біріншіден, қажет емес заттардан арылуға кеңес берер едім. Мүмкін біреуге сыйларсыз, қайырымдылыққа берерсіз, тіпті сатып жіберуге болады. Яғни, қандай да бір кеңістікті сезіну үшін артық заттардан арылу қажет», - деді.Ренжісіп қалған жақындарыңыз болса, татуласып үлгеріңіз. Себебі жаңа жылға жағымсыз әрі ауыр сезімдермен кіруге болмайды. Сонымен қатар үнемі кейінге қалдырып жүрген, өзіңіз үшін әдеттен тыс істі жасау маңызды. Сарапшының пікірінше, ондай жаңа іс-әрекет адамға жақсы әсер етеді. Одан бөлек, қайырымды іс жасау да маңызды. Сондай-ақ психолог адамның өзі дайын болмайынша, жаңа өмір басталмайтынын айтып өтті.